WLAN туралы ақпарат
Құрылғы жергілікті сымсыз есептеу желісін (WLAN) анықтауы және оған қосылуы
мүмкін. WLAN желісін пайдаланып құрылғыны Интернетке және WLAN желісін
қолдайтын үйлесімді құрылғыларға жалғауға болады.
WLAN байланысын пайдалану үшін, төменгі жағдайларды қамтамасыз ету керек:
•
WLAN байланысы аймағыңызда болуы керек;
•
құрылғыңыз WLAN желісіне қосылған болуы керек. Кейбір WLAN желілері
қорғалады, сондықтан оларға жалғану үшін қызмет провайдерінен кіру кілтін
алу керек.
•
WLAN байланысы үшін жасалған Интернетке кіру нүктесі. Интернетке
қосылуды қажет ететін қолданбалар үшін кіру нүктесін пайдаланыңыз.
WLAN Интернетке кіру нүктесі арқылы деректік байланыс орнатылғанда WLAN
байланысы да орнатылады. Деректік байланыс ажыратылғанда істеп тұрған
WLAN байланысы да ажыратылады.
WLAN байланысын дауыс қоңырауы немесе пакеттік деректер істеп тұрғанда
пайдалануға болады. Тек бір WLAN кіру нүктесіне жалғануға болады, бірақ
бірнеше қолданба бір кіру нүктесін пайдалана алады.
WLAN байланысын қолданатын мүмкіндіктер немесе басқа мүмкіндіктерді
пайдалану кезінде артқы фонда істеп тұруы рұқсат етілген мүмкіндіктер батарея
қуатын көбірек пайдаланады әрі батареяның жұмыс мерзімін қысқартады.
Құрылғыңыз төмендегі WLAN мүмкіндіктерін қолдайды:
•
IEEE 802.11b/g стандарты;
•
2,4 ГГц жиілігінде істеу;
•
WEP, WPA/WPA2 және 802.1x идентификация әдістері. Бұл функцияларды
желі қолдағанда ғана пайдалануға болады.
Маңызды: Сымсыз LAN байланысының қауіпсіздігін арттыру үшін шифрлау
тәсілін пайдалану әрқашан да мүмкін. Шифрлауды қолдану деректеріңізге
рұқсатсыз қатынас құру қаупін төмендетеді.
160 Байланысу мүмкіндігі
Құрылғы желіден тыс профилінде болғанда, мүмкін болса, WLAN байланысын
сонда да пайдалануға болады. WLAN байланысын орнатқанда және
пайдаланғанда, тиісті қауіпсіздік талаптарын қадағалауды ұмытпаңыз.
Кеңес: Құрылғыңызды анықтайтын бірегей MAC (деректер ортасының
қолданысын басқару) мекенжайын тексеру үшін, басты экранда *#62209526#
дегенді теріңіз.
Ескерім: Сымсыз жергілікті желілер кейбір елдерде шектеулі түрде
қолданылуы мүмкін. Мысалы, Францияда сымсыз жергілікті желілерді тек
ғимараттар ішінде ғана пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін
жергілікті мекемелермен хабарласыңыз.