Nokia E52 - WLAN шебері 

background image

WLAN шебері

Menu

>

Ctrl. panel

>

Connectivity

>

WLAN wiz.

белгішесін басыңыз.

WLAN шебері сымсыз LAN (WLAN) желісін табуға және оған қосылуға

көмектеседі. Қолданбаны іске қосқанда, құрылғы қол жетімді WLAN желілерін

іздеуді бастап, олардың тізімін көрсетеді.

Options

және төмендегілерінің бірін таңдаңыз:

Refresh — Қол жетімді WLAN желілер тізімін жаңартыңыз.
Filter WLAN networks — Табылған желілер тізімінен WLAN желілерін бөліп

алыңыз. Құрылғы келесіде WLAN желілерін іздегенде, таңдалған желілер бөлініп

алынады.
Start web browsing — WLAN кіру нүктесін пайдаланып, Интернетте шолуды

бастаңыз.
Cont.web browsing — Ағымдағы белсенді WLAN байланысын пайдаланып

Интернетте шолуды жалғастырыңыз.
Disconnect WLAN — WLAN желісімен белсенді байланысты ажыратыңыз.
Details — WLAN желісінің мәліметтерін көріңіз.

Байланысу мүмкіндігі 161

background image

Маңызды: Сымсыз LAN байланысының қауіпсіздігін арттыру үшін шифрлау

тәсілін пайдалану әрқашан да мүмкін. Шифрлауды қолдану деректеріңізге

рұқсатсыз қатынас құру қаупін төмендетеді.

Басты экранда WLAN шеберін пайдаланыңыз

Басты экранда WLAN шебері WLAN байланыстары мен желіде іздеу күйін

көрсетеді. WLAN шебері басты экранда әдепкі параметр бойынша іске

қосылмаса, оны басты экран параметрлері бетінде іске қоса аласыз.
Қол жетімді параметрлерді көру үшін, күйді көрсететін жолды таңдаңыз. Күйге

байланысты веб-шолғышты WLAN байланысын пайдалану арқылы іске қосуға,

Интернет қоңырауы қызметіне қосылуға, WLAN желісінен ажыратылуға, WLAN

желілерін іздеуге немесе желіде іздеу функциясын іске қосуға немесе ажыратуға

болады.

WLAN желісін іздеу функциясы ажыратылса және кез келген WLAN желісіне

қосылмаған болсаңыз, басты экранда

WLAN scanning off

деген көрсетіледі.

WLAN желісін іздеу функциясын іске қосу және қол жетімді WLAN желілерін іздеу

үшін, күйді көрсететін жолды таңдаңыз.

Қол жетімді WLAN желілерін іздеуді бастау үшін, күйді көрсететін жолды және

Search for WLAN

параметрін таңдаңыз.

WLAN желісін іздеу функциясын ажырату үшін, күйді көрсететін жолды және

Switch WLAN scan off

параметрін таңдаңыз.

Start web browsing

немесе

Use for

параметрі таңдалса, WLAN шебері таңдалған

WLAN желісі үшін кіру нүктесін автоматты түрде жасайды. Кіру нүктесін WLAN

байланысын қажет ететін басқа қолданбалар үшін пайдалануға да болады.
Қауіпсіз WLAN желісі таңдалса, тиісті құпия кодты енгізу сұралады. Жасырын

желіге қосылу үшін, дұрыс қызметті орнату кодын (SSID) енгізу керек.

Табылған WLAN желісін Интернет қоңырауымен байланысу мақсатында

пайдалану үшін, күйді көрсететін жолды,

Use for

параметрін, қалаған Интернет

қоңырауы қызметін және пайдаланылатын WLAN желісін таңдаңыз.