Құрылғыларды жұптастыру
Menu
>
Ctrl. panel
>
Connectivity
>
Bluetooth
белгішесін басыңыз.
Жұптасқан құрылғылар қосымша бетін ашыңыз.
Жұптастырмас бұрын, рұқсат кодын жасап (1-16 сан), екінші құрылғының
пайдаланушысымен дәл осы кодты пайдалануға келісіңіз. Пайдаланушы
интерфейсі жоқ құрылғылардың рұқсат коды бекітілген болады. Рұқсат коды
құрылғыларды алғаш рет байланыстырғанда ғана қажет болады. Жұптасқаннан
кейін, байланысты құптауға болады. Байланысты жұптастырып және құптап
қойса, кейін байланыс жылдам және оңай болады, себебі байланысты орнатқан
сайын жұптасқан құрылғылар арасындағы қосылуды қабылдау қажет болмайды.
Қашықтағы SIM картасын пайдалану рұқсат кодында 16 сан болуы керек.
156 Байланысу мүмкіндігі
Қашықтағы SIM режимінде құрылғының SIM картасын үйлесімді көмекші
құралдармен пайдалануға болады.
Сымсыз құрылғы қашық SIM режимінде болса, қоңырау шалу немесе қабылдау
үшін сәйкес жалғанған қосымша аспаптарды (автомобиль жинағы сияқты) ғана
қолдануға болады.
Сіздің сымсыз құрылғыңыз жүйеде болса, ешқандай қоңырау қызметтерін
орындамайды. Тек өз құрылғыңызда бағдарламаға салынған шұғыл көмек
көрсету қоңырауларын орындайды.
Қоңырау шалу үшін алдымен қашықтағы SIM режимінен шығу керек. Егер құрылғы
құлыпталынған болса, ашу үшін, біріншіден, құлыптау кодын енгізіңіз.
1
Options
>
New paired device
белгішесін басыңыз. Құрылғы диапазондағы
Bluetooth құрылғыларын іздей бастайды. Бұрын Bluetooth байланыс
мүмкіндігін пайдаланып деректер жіберген жағдайда, бұрынғы іздеу
нәтижелерінің тізімі көрсетіледі. Басқа Bluetooth құрылғыларын іздеу үшін,
More devices
опциясын таңдаңыз.
2 Жұптасатын құрылғыны таңдап, рұқсат кодын енгізіңіз. Басқа құрылғыларда
да бірдей рұқсат кодын енгізу керек.
3 Құрылғыңыз бен екінші құрылғы арасындағы байланыс автоматты түрде
орнау үшін,
Yes
жауабын таңдаңыз. Байланыс орнату әрекеті жасалған
сайын, қолмен растап отыру үшін,
No
жауабын таңдаңыз. Жұптасқаннан кейін
құрылғы жұптасқан құрылғылар бетіне сақталады.
Жұптасқан құрылғыға лақап ат қою үшін,
Options
>
Assign short name
тармағын
таңдаңыз. Лақап ат құрылғыда көрсетіледі.
Жұптасуды жою үшін, жұптасуы жойылатын құрылғыны және
Options
>
Delete
тармағын таңдаңыз. Барлық жұптасуларды жою үшін,
Options
>
Delete all
тармағын таңдаңыз. Құрылғымен байланысып тұрып, жұптасудан бас тартсаңыз,
жұптасу бірден жойылып, байланыс үзіледі.
Жұптасқан құрылғы сіздің құрылғыңызға автоматты түрде қосылу үшін,
Set as
authorised
пәрменін таңдаңыз. Сіздің және басқа құрылғының арасындағы
байланыс сізге білінбей орнатылуы мүмкін. Жеке қабылдаудың немесе рұқсат
берудің қажеті жоқ. Бұл күйді үйлесімді шағын гарнитура немесе компьютер
сияқты өзіңіздің құрылғыларыңызға немесе сенімді адамның құрылғыларына
ғана пайдаланыңыз. Басқа құрылғының байланыс сұрауларын әрдайым
қабылдап отыру үшін,
Set as unauthorised
пәрменін таңдаңыз.
Bluetooth хэндсфри немесе шағын гарнитурасы сияқты Bluetooth аудио қосалқы
құралын пайдалану үшін, құрылғыны қосалқы құралмен жұптастыру қажет. Рұқсат
кодын және қосымша нұсқауларды қосалқы құралдың пайдаланушы
Байланысу мүмкіндігі 157
нұсқаулығынан қараңыз. Аудио қосалқы құралын жалғау үшін, оны қосыңыз.
Кейбір аудио қосалқы құралдар құрылғыға автоматты түрде қосылады.
Автоматты түрде қосылмаса, жұптасқан құрылғылар қосымша бетін ашып,
қосалқы құралды және
Options
>
Connect to audio device
тармағын таңдаңыз.