Nokia E52 - Bluetooth туралы

background image

Bluetooth туралы
Құрылғыдағы Bluetooth технологиясы 10 метр диапазонда орналасқан

электрондық құрылғылар арасында сымсыз байланысты орнату мүмкіндігін

береді. Bluetooth байланысын суреттер, бейнелер, мәтін, бизнес карталарын,

күнтізбе жазбаларын жіберу немесе Bluetooth технологиясын пайдаланатын

құрылғыларға сымсыз түрде байланысу үшін пайдалануға болады.
Bluetooth технологиясын пайдаланатын құрылғылар радио толқындары арқылы

байланысатындықтан, сіздің құрылғыңыз бен басқа құрылғылар тікелей көрініс

аймағында болуы қажет емес. Байланысқа қабырғалар немесе басқа

электрондық құрылғылар кедергілер келтіруі мүмкін болғанымен, екі құрылғы

арасында ең көбі 10 метр болуы керек.

Бір уақытта бірнеше Bluetooth қосылымын қолдануға болады. Мысалы, құрылғы

шағын гарнитураға қосылған болса, сол уақытта файлдарды басқа үйлесімді

құрылғыға тасымалдауға болады.
Бұл құрылғы 2.0 + EDR Bluetooth сипатына сәйкес келеді және келесі

профильдерді қолдайды: жетілдірілген дыбыс тарату, дыбыс пен бейнені

қашықтан басқару, суреттерді қарапайым бөлісу, қарапайым басып шығару, желі

нөмір теріп кіру, файл тасымалдау, жалпы қол жеткізу мүмкіндігі, хэндсфри,

шағын гарнитура, адам интерфейсі бар құрылғы, жергілікті орналасқан жерді

анықтау, нысан жіберу, телефон кітапшасына қол жеткізу, SIM картасына қол

жеткізу, тізбекті порт, бейне тарату . Bluetooth технологиясын қолдайтын басқа да

құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған

қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа

құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.

Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды

арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.