SIM картасына кіру профилі
SIM картасына кіру профилі арқылы құрылғының SIM картасына үйлесімді
автомобиль жинағы құрылғысынан қол жеткізуге болады. Осылайша, SIM
картасы деректеріне қол жеткізу және GSM желісіне қосылу үшін бөлек SIM
картасы қажет болмайды.
SIM картасына кіру профилін пайдалану үшін, сізге төмендегілер қажет:
158 Байланысу мүмкіндігі
•
Bluetooth сымсыз технологиясын қолдайтын үйлесімді автомобиль жинағы
құрылғысы
•
Құрылғыға салынған жарамды SIM картасы
Сымсыз құрылғы қашық SIM режимінде болса, қоңырау шалу немесе қабылдау
үшін сәйкес жалғанған қосымша аспаптарды (автомобиль жинағы сияқты) ғана
қолдануға болады.
Сіздің сымсыз құрылғыңыз жүйеде болса, ешқандай қоңырау қызметтерін
орындамайды. Тек өз құрылғыңызда бағдарламаға салынған шұғыл көмек
көрсету қоңырауларын орындайды.
Қоңырау шалу үшін алдымен қашықтағы SIM режимінен шығу керек. Егер құрылғы
құлыпталынған болса, ашу үшін, біріншіден, құлыптау кодын енгізіңіз.
Автомобиль жинағы құрылғылары мен олардың құрылғымен үйлесімділігі туралы
қосымша ақпаратты Nokia веб-торабынан және автомобиль жинағының
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
SIM картасына кіру профилін пайдалану
1
Menu
>
Ctrl. panel
>
Connectivity
>
Bluetooth
және
Remote SIM mode
>
On
тармағын таңдаңыз.
2 Автомобиль жинағындағы Bluetooth мүмкіндігін іске қосыңыз.
3 Автомобиль жинағының көмегімен үйлесімді құрылғыларды іздеуді бастаңыз.
Нұсқауларды автомобиль жинағының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
4 Үйлесімді құрылғылар тізімінен құрылғыңызды таңдаңыз.
5 Құрылғыларды жұптау үшін, автомобиль жинағының дисплейінде көрсетіліп
тұрған Bluetooth рұқсат кодын құрылғыға енгізіңіз.
Кеңес: SIM картасына автомобиль жинағынан белсенді пайдаланушы
профилінен бұрын кірген болсаңыз, автомобиль жинағы автоматты түрде SIM
картасы бар құрылғыны іздейді. Егер ол құрылғыңызды тауып, автоматты
авторизация іске қосылса, автомобильді от алдырған кезде, автомобиль жинағы
автоматты түрде GSM желісіне қосылады.
SIM картасына қашықтан кіру профилін іске қосқан кезде, құрылғыдағы желіні
немесе SIM қызметтерін қажет етпейтін қолданбаларды пайдалануға болады.
Құрылғы мен автомобиль жинағының арасында бөлек қабылдау немесе
авторизациясыз байланыс орнату үшін,
Menu
>
Ctrl. panel
>
Connectivity
>
Bluetooth
опциясын таңдап, жұпталған құрылғылар қосымша бетін ашыңыз.
Автомобиль жинағын және
Set as authorised
опциясын таңдап, растау сұрауына
Yes
деп жауап беріңіз. Автомобиль жинағы уәкілетті емес, одан келген сұраулар
әрдайым бөлек қабылданып отыруы керек.
Байланысу мүмкіндігі 159
Құрылғыдан SIM картасына қашықтан кіру байланысын аяқтау үшін,
Menu
>
Ctrl.
panel
>
Connectivity
>
Bluetooth
және
Remote SIM mode
>
Off
опцияларын
таңдаңыз.