Nokia E52 - Құрылғы мен SIM картасының қауіпсіздігі

background image

Құрылғы мен SIM картасының қауіпсіздігі

PIN кодын өзгерту үшін,

Phone and SIM card

>

PIN code

опциясын таңдаңыз. Жаңа

кодтың ұзындығы 4-8 саннан тұруы тиіс. PIN коды картаны рұқсатсыз

пайдаланылуынан қорғауға жәрдемдеседі және SIM картамен бірге беріледі. PIN

кодты үш рет қатар қате енгізгеннен кейін код құлыпталып қалады және картаны

қайта пайдалану мүмкін болуы үшін, кодтың құлпын PUK кодын пайдаланып ашу

керек болады.

Белгіленген уақыт өткеннен кейін пернетақтаның автоматты түрде құлыпталуын

орнату үшін,

Phone and SIM card

>

Keypad autolock period

тармағын таңдаңыз.

Құрылғының автоматты түрде құлыпталып, құлыптан тек дұрыс код енгізілгенде

ғана ашылатын үзіліс уақытын орнату үшін

Phone and SIM card

>

Phone autolock

period

тармағын таңдаңыз. Үзіліс уақытын минутпен енгізіңіз немесе автоматты

түрде құлыпталу уақытын өшіру үшін

None

тармағын таңдаңыз. Құрылғы

құлыптанған кезде кіріс қоңырауларға жауап беруге және бағдарламаланып

қойған ресми төтенше нөмірге қоңырау шалуыңызға болады.

Жаңа құлыптау кодын орнату үшін,

Phone and SIM card

>

Lock code

тармағын

таңдаңыз. Алдын ала орнатылған құлыптау коды 12345 болады. Ағымдағы кодты,

содан кейін жаңа кодты екі рет енгізіңіз. Жаңа кодтың ұзындығы 4-255 таңба

аралығында болуы тиіс. Әріптік және сандық, сондай-ақ үлкен және кіші

регистрлерді пайдалануға болады. Құлыптау кодының пішіні қате болса,

құрылғыңыз оны ескертеді.