Nokia E52 - Виджеттер

background image

Виджеттер
Виджеттер құрылғыңызға көбірек мазмұн алуға мүмкіндік береді! Виджеттер —

мультимедиа файлдарын, жаңалық жіберілімдерін және ауа райы болжамы

сияқты басқа ақпаратты құрылғыға жеткізетін кішкентай, жүктеп алынатын веб-

қолданбалар. Орнатылған виджеттер Қолданбалар папкасында бөлек

қолданбалар ретінде көрсетіледі.
Виджеттерді Интернеттен жүктеп алуға болады.
Виджеттерді үйлесімді жад картасына (бар болса) да орнатуға болады.

Виджеттердің әдепкі кіру нүктесі веб-шолғыштың кіру нүктесімен бірдей болады.

Артқы фонда істеп тұрғанда, кейбір виджеттер құрылғыдағы ақпаратты

автоматты жаңарта алады.
Виджеттерді пайдалану деректердің үлкен мөлшерде қызмет провайдерінің

желісі арқылы тасымалдануына апаруы мүмкін. Деректер тасымалдау ақысы

туралы ақпаратты провайдерден сұрап біліңіз.