Nokia E52 - Nokia бейне орталығы

background image

Nokia бейне орталығы
Nokia бейне орталығымен (желілік қызмет) бейне клиптері ағынын эфир арқылы

үйлесімді Интернет қызметтері арқылы пакет деректерін немесе сымсыз LAN

(WLAN) байланысын пайдаланып жүктеп алуға болады. Бейне клиптерді

үйлесімді компьютерден құрылғыңызға тасымалдауға және оларды Бейне

орталығында көруге болады.
Бейнелерді жүктеп алу үшін пакеттік деректер кіру нүктелерін пайдалану қызмет

провайдерінің желісі арқылы деректердің көп мөлшерде тасымалдануын қажет

етуі мүмкін. Мәлімет тасымалы жайындағы ақпаратты өзіңіздің қызмет

көрсетушіңізбен байланысу арқылы алыңыз.
Құрылғыңызда алдын ала белгіленген қызметтер болуы мүмкін.
Қызмет провайдерлері тегін мазмұн беруі немесе ақы алуы мүмкін. Бағаларды

қызметтен қараңыз немесе қызмет провайдерінен алыңыз.