Бейнелерді компьютерден тасымалдау
Бейне клиптеріңізді үйлесімді USB деректер кабелі көмегімен үйлесімді
құрылғылардан Бейне орталығына тасымалдаңыз. Бейне орталығы тек құрылғы
қолдайтын пішімдегі бейне клиптерді көрсетеді.
1 Құрылғыны компьютерде кез келген дерек файлдарын тасымалдауға
болатын көлемді жад құрылғысы ретінде көру үшін, үйлесімді USB деректер
кабелі арқылы байланыс орнатыңыз.
2 Байланыс режимі ретінде
Mass storage
параметрін таңдаңыз. Құрылғыға
үйлесімді жад картасын салу керек.
3 Компьютерден көшірілетін бейне клиптерді таңдаңыз.
4 Бейне клиптерді құрылғыңыздың жад картасындағы E:\My Videos папкасына
тасымалдаңыз.
Тасымалданған бейне клиптер Бейнелер орталығындағы Бейнелерім
папкасында көрсетіледі. Құрылғының басқа папкаларындағы бейне
файлдары көрсетілмейді.