Nokia E52 - Кіру кодтары

background image

Кіру кодтары
Осы кіру кодтарының кез келгенін ұмытып қалсаңыз, провайдерге хабарласыңыз.

Жеке идентификациялық нөмір (PIN) коды — Бұл код SIM картасын рұқсатсыз

пайдаланудан қорғайды. Әдетте PIN коды (4 - 8 сан) SIM картасымен бірге

беріледі. PIN кодын қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, ол құлыпталып қалады

және оны ашу үшін PUK коды қажет болады.
UPIN коды — Бұл код USIM картасымен бірге берілуі мүмкін. USIM картасы SIM

картасының жетілдірілген нұсқасы және оған 3G ұялы телефондары қолдау

көрсетеді.
PIN2 коды — Бұл код (4 - 8 сан) кейбір SIM карталарымен бірге беріледі және ол

құрылғыдағы кейбір функцияларға кіру үшін қажет.
Кілттеу коды (сондай-ақ, қауіпсіздік коды ретінде белгілі) — Кілттеу коды

құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі. Алдын ала

орнатылған код — 12345. Осы кодты жасауыңызға және өзгертуіңізге, сондай-ақ

құрылғы параметрлерін код сұрайтын етіп орнатуыңызға болады. Жаңа

кодыңызды құпия, құрылғыңыздан бөлек жерге ұстаңыз. Кодты ұмытып,

құрылғыңыз кілттенсе, құрылғыға қызмет көрсету қажет болады. Сізден қосымша

ақы алынуы және бүкіл жеке деректеріңіз құрылғыңыздан жойылуы мүмкін.

Қосымша мәлімет алу үшін, Nokia Care орталығымен немесе құрылғының

сатушысымен хабарласыңыз.
Жеке құлыптан ашу кілті (PUK) коды және PUK2 коды — Бұл кодтар (8 сан)

тиісінше құлыпталып қалған PIN кодын немесе PIN2 кодын өзгерту үшін қажет.

Егер кодтар SIM картасымен бірге берілмесе, құрылғыдағы SIM картасының

желілік қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
UPUK коды — Бұл код (8 сан) құлыпталып қалған UPIN кодын өзгерту үшін қажет.

Егер кодтар USIM картасымен бірге берілмесе, құрылғыдағы USIM картасының

желілік қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
Халықаралық тасымалы жабдық идентификациялық (IMEI) нөмірі — Бұл нөмір (15

немесе 17 сан) GSM желісіндегі жарамды құрылғыларды анықтау үшін

қолданылады. Мысалы, ұрланған құрылғылар желіге қосылғанда құлыптануы

мүмкін. Құрылғыңыздың IMEI нөмірін батареяның астынан табуға болады.

26

Пайдалануды бастау