Nokia E52 - Электрондық пошта параметрлерін орнату

background image

Электрондық пошта параметрлерін орнату
Nokia Eseries құрылғысы сізбен бірдей сағаттарда және бір жылдамдықта істейді.

Жоғары жылдамдықты қосылымдардың көмегімен электрондық хаттарды,

контактілерді және күнтізбені жылдам әрі ыңғайлы түрде қадамдастырыңыз.
Электрондық пошта параметрлерін орнатқанда, төмендегі ақпарат сұралуы

мүмкін: пайдаланушы аты, электрондық пошта түрі, кіріс поштасының сервері,

кіріс поштасының сервер порты, шығыс поштасының сервері, шығыс

поштасының сервер порты, кілтсөз немесе кіру нүктесі.

Электрондық пошта шеберінің көмегімен Microsoft Exchange сияқты бизнестік

электрондық пошта есептік жазбаларының немесе Google қызметінің

электрондық пошта қызметтері сияқты Интернеттегі электрондық пошта есептік

жазбаларының параметрлерін орнатуға болады. Шебер POP/IMAP және

ActiveSync протоколдарын қолдайды.

Бизнестік электрондық поштаның параметрлерін орнатқан жағдайда,

компанияңыздың АТ бөлімінен егжей-тегжейлі ақпаратты алыңыз. Интернет

электрондық поштасының параметрлерін орнатқан жағдайда, егжей-тегжейлі

ақпаратты электрондық пошта провайдерінің веб-сайтынан қараңыз.
Электрондық пошта шеберін қосу:
1 Бастапқы экранда электрондық пошта шеберіне өтіңіз.
2 Электрондық пошта мекенжайын және кілтсөзді енгізіңіз. Егер шебер

электрондық пошта параметрлерін автоматты түрде реттей алмаса,

электрондық пошта есептік жазбаңыздың түрін таңдап, тиісті параметрлерді

енгізіңіз.

Кеңес: Пошта жәшігіңіздің параметрлерін реттемеген болсаңыз, электрондық

пошта пернесін басып шеберді іске қосыңыз.
Құрылғыда қосымша электрондық пошта клиенттері бар болса, олар электрондық

пошта шебері іске қосылғанда ұсынылады.