Nokia E52 - Nokia PC Suite

background image

Nokia PC Suite
Nokia PC Suite — үйлесімді компьютерге орнатуға болатын қолданбалар

жиынтығы. Nokia PC Suite пайдалануға болатын барлық қолданбаларды іске

қосушы терезесінде топтастырады. Осы терезеден қолданбаларды қосуға

болады. Құрылғымен бірге жад картасы берілген жағдайда, Nokia PC Suite сол

жад картасында болуы мүмкін.
Nokia PC Suite көмегімен контактілерді, күнтізбені, істер мен басқа ескертпелерді

құрылғыңыз бен Microsoft Outlook немесе Lotus Notes сияқты үйлесімді

компьютердің қолданбасы арасында қадамдастыруға болады. Nokia PC Suite

бағдарламасын пайдаланып құрылғы мен үйлесімді шолғыштар арасында

бетбелгілерді тасымалдауға, сондай-ақ құрылғы мен үйлесімді компьютер

арасында суреттер мен бейне клиптерді тасымалдауға болады.

Ескерім: Қадамдастыру параметрлеріне назар аударыңыз. Қалыпты

қадамдастыру процесінің бір бөлігі болатын деректерді жою таңдалған

параметрлермен белгіленеді.
Nokia PC Suite бағдарламасын пайдалану үшін, Microsoft Windows XP (SP2)

немесе Windows Vista амалдық жүйесімен істейтін, сондай-ақ USB дерек

кабелімен немесе Bluetooth байланыс мүмкіндігімен үйлесімді болатын

компьютер керек болады.
Nokia PC Suite бағдарламасы Macintosh жүйесінде істемейді.

Nokia PC Suite туралы қосымша ақпаратты анықтамадан немесе Nokia веб-

сайтынан қараңыз.

Nokia PC Suite бағдарламасын орнату:

1 Nokia E52 құрылғысына жад картасының салынғанын тексеріңіз.
2 USB кабелін жалғаңыз. Компьютер жаңа құрылғыны танып, керекті

драйверлерді орнатады. Бұл бірнеше минутта орындалуы мүмкін.

Пайдалануды бастау

25

background image

3 Құрылғыдағы USB байланыс режимі ретінде

Mass storage

опциясын

таңдаңыз. Құрылғы Windows файл шолғышында Алынбалы диск ретінде

көрсетіледі.

4 Жад картасы дискісінің түбін Windows файл шолғышымен ашып, PC Suite

орнатуын таңдаңыз.

5 Орнату басталады. Көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес: Nokia PC Suite бағдарламасын жаңарту үшін немесе Nokia PC Suite

бағдарламасын жад картасынан орнату кезінде қиындықтар туындаса, орнатуды

компьютерден бастаңыз.