Nokia E52 - Мазмұнды тасымалдау

background image

Мазмұнды тасымалдау
Бұрынғы Nokia құрылғысынан құрылғыңызға телефон нөмірлері, мекенжайлар,

күнтізбе элементтері мен суреттер сияқты мазмұнды көшіру үшін Switch

бағдарламасын пайдалануға болады.

Тасымалдауға болатын мазмұн түрі мазмұн тасымалданатын құрылғы үлгісіне

байланысты. Егер сол құрылғы үндестіруді қолдаса, құрылғылар арасында

деректерді үндестіруге болады. Бақса құрылғы сыйысымды болмаған кезде

құрылғы хабарлайды.

Егер басқа құрылғы SIM картасыз қосылмаса, оған SIM картасын салуға болады.

Құрылғы SIM картасыз қосылған кезде дербес профайлы автоматты түрде іске

қосылады және тасымалдауды орындауға болады.

Мазмұнды бірінші рет тасымалдау

1 Басқа құрылғыдан деректерді бірінші рет шығарып алу үшін

Menu

>

Ctrl.

panel

>

Switch

таңдаңыз.

2 Деректерді тасымалдау үшін пайдаланылатын қосылым түрін таңдаңыз. Екі

құрылғы таңдалған қосылым түрін қолдауы керек.

3 Егер Bluetooth қосылымын қосылым түрі ретінде таңдасаңыз, екі құрылғыны

қосыңыз. Құрылғының Bluetooth қосылымымен құрылғыларды іздеуі үшін

Continue

таңдаңыз. Мазмұн тасымалданатын құрылғыны таңдаңыз.

Құрылғыда кодты енгізу сұралады. Кодты (1-16 сандары) енгізіп,

OK

таңдаңыз. Басқа құрылғыда бірдей кодты енгізіп,

OK

таңдаңыз. Құрылғылар

енді жұптастырылады.
Кейбір бұрынғы Nokia құрылғыларында Switch бағдарламасы болмауы

мүмкін. Бұл жағдайда Switch бағдарламасы басқа құрылғыға хабар ретінде

жіберіледі. Switch бағдарламасын басқа құрылғыға орнату үшін хабарды

ашып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

22

Пайдалануды бастау

background image

4 Құрылғыда басқа құрылғыдан тасымалданатын мазмұнды таңдаңыз.

Тасымалдау басталған кезде оны болдырмай, кейін жалғастыруға болады.

Мазмұн басқа құрылғы жадынан құрылғыдағы сәйкес орынға тасымалданады.

Тасымалдау уақыты тасымалданатын деректер көлеміне байланысты.