
Жад картасын ажырату
Маңызды: Құрылғы істеп тұрғанда карта қатынаулы кезде жад картасын
шығарып алмаңыз. Оны орындамау салдарынан құрылғыға және картаға зиян
келуі мүмкін және картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін.
1 Қуат түймешігін аз уақыт басып,
Remove memory card
пәрменін таңдаңыз.
2 Батарея босап кетпеу үшін, құрылғының артқы бетін жоғары қаратып
қойыңыз.
3 Артқы қақпағын ашыңыз.
4 Ұясынан шығару үшін, жад картасының ұшын басып, картаны шығарыңыз.
5 Артқы қақпағын орнына салыңыз.