SIM картасы мен батареяны салу
Маңызды: Бұл құрылғыда mini-UICC SIM картасын (micro-SI картасы деп те
аталады), адаптер салынған micro-SIM картасын немесе mini-UICC ұясы бар
(суретті қараңыз) SIM картасын пайдаланбаңыз. Шағын SIM картасы қалыпты
Пайдалануды бастау
11
SIM картасынан кішірек болады. Бұл құрылғы шағын SIM картасының
пайдаланылуына қолдау көрсетпейді, ал үйлеспейтін SIM картасын қолдану
картаны немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған деректерге нұқсан келтіруі
мүмкін.
Қауіпсіз шығарып алу. Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,
зарядтағышты ажыратыңыз.
1 Құрылғының артқы қақпағын ашу үшін, артын өзіңізге қаратып қақпақты шешу
ілгегін ағытыңыз да, қақпақты көтеріп шешіңіз.
2 Батарея салынған болса, оны көрсеткі бағытымен көтеріп шығарып алыңыз.
3 SIM картасын салу. Картаның түйіспе аймағы құрылғының қосқыштарына
қаратылғанын, ал кесілген бұрышы құрылғыны төменгі жағына қаратылғанын
тексеріңіз.
12
Пайдалануды бастау
4 Батареяның контактілерін батарея бөлігінің сәйкес қосқышына келтіріп,
батареяны көрсеткі бағыты бойынша салыңыз.
5 Артқы қақпақғын орнына салу үшін, жоғарғы бекіту тілдерін тиісті ойықтарына
қаратып, орнына түскенше төмен қарай итеріңіз.