Nokia E52 - Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат

background image

Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат
Карталар GPS, A-GPS, WLAN немесе ұя идентификаторы негізіндегі орналасқан

жерді анықтау әдістерін пайдаланып, орныңызды көрсетеді.
Орналасқан жерді анықтаудың дүниежүзілік жүйесі (GPS) – орныңызды есептеу

үшін пайдаланылатын спутниктік навигация жүйесі. Assisted GPS (A-GPS) - GPS

деректерін орналасқан жердің жылдамдығын және дәлдігін жақсартып жіберетін

желі қызметі.
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) орналасқан жерді анықтау мүмкіндігі GPS

сигналдары болмаған кезде орналасқан жерді анықтау дәлдігін (әсіресе үй ішінде

немесе биік ғимараттар арасында болған кезде) жақсартады.
Ұя идентификаторы негізіндегі орналасқан жерді анықтау мүмкіндігімен

орналасқан жер мобильді байланыс құралы жалғанып тұрған антенна мұнарасы

арқылы анықталады.

Пайдалануға болатын орналасқан жерді анықтау әдісіне қарай, орналасқан жерді

анықтау дәлдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін өзгеруі мүмкін.

Карталар қолданбасын алғаш рет пайдаланған кезде, карта мәліметтерін

жүктеу, A-GPS желісін пайдалану немесе WLAN желісіне қосылу үшін

пайдаланылатын интернетке кіру нүктесін анықтау сұралады.
Ғаламдық Орналасқан жерді табу жүйесі (GPS) оның дәлдігі мен жүзеге асуын

қамтамасыз етуде жауапты болып табылатын Америка Құрама Штаттары

үкіметімен басқарылады. Орналасқан жерді табу деректерінің нақтылығына

Америка Құрама Штаттары үкіметі орындайтын және Америка Құрама

Штаттарының азаматтық қорғаныс Департаментімен GPS саясатына және

Федералдық Радионавигациялық Жоспарға сәйкес өзгертілуі мүмкін GPS

жерсеріктерінің дұрыс орналаспауы дәлдікке әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар,

дәлдігіне жерсерігі орбитасы геометриясының ақаулықтары да әсер етуі мүмкін.

GPS сигналдарының қолжетімділігі мен сапасына сіздің орналасу орныңыз,

ғимараттар, табиғат ортасы және ауа райы да әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары

ғимараттардың ішінде немесе жердің астында қатынаулы болмауы мүмкін және

бетон және металл сияқты материалдардан әлсіреуі мүмкін.
GPS құрылғысы нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланылмайды,

орынды анықтау немесе навигация үшін тек GPS қабылдағышынан және ұялы

радио желілерден алынған деректерге ешқашан сенбеу керек.

Сапар шегу 103

background image

Сапар өлшеуішінің дәлдік шектері бар және дөңгелектеу кезінде қателіктер

туындауы мүмкін. Сонымен қатар, дәлдікке GPS сигналдарының қолжетімділігі

мен сапасы да әсер етуі мүмкін.

Ескерім: Сымсыз жергілікті желілер кейбір елдерде шектеулі түрде

қолданылуы мүмкін. Мысалы, Францияда сымсыз жергілікті желілерді тек

ғимараттар ішінде ғана пайдалануға болады. Қосымша ақпарат алу үшін

жергілікті мекемелермен хабарласыңыз.