GPS байланысын орнату бойынша кеңестер
Жерсерік сигналының күйін тексеру
Menu
>
Applications
және
GPS data
>
Options
>
Satellite status
тармағын
таңдаңыз.
Құрылғы жерсеріктер тапқан болса, жерсерік мәліметтері көрінісінде әр жерсерік
үшін жолақ көрсетіледі. Жол ұзынырақ болған сайын, жерсерік сигналы күштірек
болады. Құрылғы орныңызды анықтау үшін жерсеріктен жеткілікті дерек алған
соң, жоллақтың түсі өзгереді.
Әдепкі бойынша, құрылғы орныңызды анықтау үшін кемінде төрт жерсеріктен
сигнал қабылдауы керек. Әдепкі анықтау жасалғаннан кейін, орныңыздың
анықтауларын басқа үш жерсерікпен жалғастыру мүмкін болады. Дегенмен,
мәлімет дәл болуы үшін, жерсеріктердің көбірек болғаны жақсы.
Егер ешқандай жерсерік сигналы табылмаған болса, келесі әрекеттерді орындап
көріңіз:
•
Ғимараттың ішінде болсаңыз, сигналды жақсырақ қабылдау үшін сыртқы
шығыңыз.
•
Далада болсаңыз, ашығырақ жерге жылжыңыз.
•
Ауа райының қолайсыздықтары сигнал күшіне әсер етуі мүмкін.
•
Кейбір көліктердің терезеліре көмескіленген болып, бұл жерсерік сигналын
бөгеуі мүмкін.
•
Антеннаны қолмен жаппаңыз.
Сапар шегу
97
GPS байланысын орнату үшін бір-екі секундтан бірнеше минутқа дейін кетуі
мүмкін. GPS байланысын көлікте орнатуға көбірек уақыт кетуі мүмкін.
GPS ресивері қуатты құрылғы батареясынан алады. GPS навигаторын
пайдалану нәтижесінде батарея заряды тезірек таусылуы мүмкін.