Nokia E52 - Параметрлер

background image

Параметрлер
Бейнені бөлісуді орнату үшін, екі адам арасындағы және 3G байланысының

параметрлері қажет.

Екі адам арасындағы байланыс параметрлері

Екі адам арасындағы байланыс SIP (сеансты бастау протоколы) байланысы

ретінде де белгілі. SIP профилінің параметрлері құрылғыда бейнені бөлісу

қызметін пайдалануды бастамас бұрын реттелуі керек. SIP профилінің

параметрлерін провайдеріңізден біліп, оларды құрылғыға сақтап қойыңыз.

Провайдеріңіз параметрлерді жіберуі немесе қажетті параметрлердің тізімін

беруі мүмкін.
SIP мекенжайын контакт картасына қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1

>

Contacts

белгішесін басыңыз.

2 Контакт картасын ашыңыз (немесе сол адам үшін жаңа карта арнаңыз).
3

Options

>

Add detail

>

Share video

белгішесін басыңыз.

4 SIP мекенжайын «username@domainname» пішімінде енгізіңіз (домен

атауының орнына IP мекенжайын пайдалануға болады).
Контактінің SIP мекенжайын білмесеңіз, бейнені бөлісу үшін (желі

провайдеріңіз қолдау көрсетсе) алушының телефон нөмірін (мемлекет

кодымен бірге) пайдалануға болады.

3G байланысының параметрлері
3G байланысын орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

3G желісін пайдалану мақсатында келісім-шартқа отыру үшін провайдеріңізге

хабарласыңыз.

Құрылғының 3G кіру нүктесі байланысының параметрлері дұрыс

орнатылғанын тексеріңіз.