Push to Talk туралы
Push to talk (PTT) (желі қызметі) – ұялы желіні пайдаланатын нақты уақыттағы IP
арқылы дауыстап сөйлесу қызметі. PTT бір пернені басу арқылы тікелей
дауыстық байланыс мүмкіндігін ұсынады. PTT қызметін бір кісімен немесе бір топ
кісімен сөйлесу үшін пайдаланыңыз.
PTT қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін, алдымен PTT параметрлерін
(кіру нүктесі, PTT, SIP, XDM және желідегі күй) анықтау керек. Бұл
параметрлерді PTT қызметін ұсынатын қызмет провайдері жіберген арнайы
мәтінді хабармен алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, қызмет провайдері қолдаса, PTT
параметрлерін реттеу үшін «Параметрлер шебері» қолданбасын
пайдалануыңызға болады. PTT қолданбасы туралы қосымша ақпаратты
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан немесе Nokia веб-торабынан қараңыз.
Телефон
81
PTT байланысында, бір кісі сөйлейді, ал басқалары оны ішкі динамик арқылы
тыңдап тұрады.
Сөйлесушілер бір-біріне кезек-кезек жауап береді. Кез келген уақытта тек бір топ
мүшесі сөйлей алатындықтан, сөйлеу кезегінің ең көп ұзақтығы шектеулі болады.
Ең көп ұзақтық әдетте 30 секундқа орнатылады. Желінің сөйлеу кезегі
ұзақтығының мәліметтерін қызмет провайдеріне хабарласып сұраңыз.
Телефон қоңыраулары әрқашан push to talk әрекеттерінен басым болады.