Nokia E52 - Хабар алмасу

background image

Хабар алмасу

Menu

>

Messaging

белгішесін басыңыз.

Хабарлар (желі қызметі) қолданбасында мәтінді хабарларды, мультимедиалық

хабарларды, аудио хабарларды және электрондық пошта хабарларын жіберуге

және алуға болады. Бұған қоса, веб қызмет хабарларын, ұялы тарату

хабарларын, сондай-ақ деректері бар арнайы хабарларды қабылдауға және

қызметтік пәрмендерді жіберуге болады.
Хабарларды жібермес немесе қабылдамас бұрын, төмендегілерді орындау қажет

болуы мүмкін.

Құрылғыға жарамды SIM картасын салып, ұялы желінің қызмет көрсету

аясында болыңыз.

Желінің сіз қолданатын хабар алмасу мүмкіндіктерін қолдайтынын және

олардың SIM картаңызда қосылғанын тексеріңіз.

Интернеттің кіру нүктесінің параметрлерін құрылғыда белгілеңіз.

50

Хабар алмасу

background image

Құрылғыда электрондық пошта есептік жазбасының параметрлерін

белгілеңіз.

Құрылғыда мәтінді хабар параметрлерін белгілеңіз.

Құрылғыда мультимедиа хабарының параметрлерін белгілеңіз.

Құрылғы SIM картасының провайдерін анықтап, хабардың кейбір параметрлерін

автоматты реттеуі мүмкін. Әйтпесе, параметрлерді қолмен белгілеуіңіз керек

болады, сондай-ақ қызмет провайдеріне хабарласып параметрлерді реттеуге де

болады.