Nokia E52 - Куәлік реттеушісі

background image

Куәлік реттеушісі

Menu

>

Ctrl. panel

>

Settings

және

General

>

Security

>

Certificate management

тармақтарын таңдаңыз.
Сандық куәліктер бағдарламаның қайдан пайда болғанын растау үшін

пайдаланылады, бірақ қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Куәліктердің төрт түрі бар:

уәкілет куәліктері, жеке куәліктер, сенімді торап куәліктері және құрылғы

куәліктері. Қауіпсіз байланыс кезінде сервер құрылғыңызға сервер куәлігін

жіберуі мүмкін. Алғанда, ол құрылғыда сақталған уәкілет куәлігі көмегімен

тексеріледі. Сервердің идентификаторы шынайы болмаса немесе құрылғыда

дұрыс қауіпсіздік куәлігі болмаса, сіз хабарландыру аласыз.

Куәлікті веб-тораптан қотаруға немесе куәлікті хабар ретінде алуға болады.

Куәліктерді құпия ақпаратты тасымалдау үшін желідегі банкке немесе қашықтағы

серверге қосылғанда пайдалану керек. Сондай-ақ, оларды вирустардың немесе

басқа зиянды бағдарламалардың қаупін азайтқыңыз келсе және құрылғыға

бағдарламаны қотарғанда және орнатқанда бағдарламаның шынайылығын

тексеру үшін пайдалану керек.

166 Қауіпсіздікті және деректерді басқару

background image

Кеңес: Жаңа куәлікті қосқанда, оның шынайылығын тексеріңіз.