Құрылғыны құлыптау
Құлыптау коды құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. Алдын ала
орнатылған код – 12345.
Құрылғыны құлыптау үшін бастапқы экранда қуат пернесін басып,
Lock phone
опциясын таңдаңыз.
Қауіпсіздікті және деректерді басқару 163
Құрылғының құлпын ашу мақсатында құлыптау кодын енгізу үшін
Unlock
>
OK
опциясын таңдаңыз да,
OK
пернесін басыңыз.
Құлыптау кодын өзгерту үшін,
Menu
>
Ctrl. panel
>
Settings
және
General
>
Security
>
Phone and SIM card
опциясын таңдаңыз. Ескі кодты, содан кейін жаңа
кодты екі рет енгізіңіз. Жаңа кодтың ұзындығы 4-255 таңба аралығында болуы
тиіс. Әріптік және сандық, сондай-ақ үлкен және кіші регистрлерді пайдалануға
болады.
Жаңа кодты жазып алып, оны құрылғыдан бөлек құпия және сенімді жерде
сақтаңыз. Егер кілттеу кодын ұмытып қалып, ал құрылғыңыз кілттеніп тұрған
болса, оны Nokia өкілетті қызмет көрсету орталығына апарыңыз. Сізден қосымша
ақы алынуы мүмкін. Құрылғының құлпын ашу үшін, бағдарламалық құрал
қайтадан жүктелуі керек және құрылғыға сақталған деректер жоғалуы мүмкін.
Сондай-ақ, құрылғыға мәтінді хабар жіберу арқылы оны қашықтан құлыптауға
болады. Қашықтан құлыптау мүмкіндігін қосу және хабардың мәтінін анықтау
үшін,
Menu
>
Ctrl. panel
>
Settings
және
General
>
Security
>
Phone and SIM card
>
Remote phone locking
>
Enabled
опциясын таңдаңыз. Қашықтан құлыптау
хабарын енгізіп, хабарды растаңыз. Хабар кемінде 5 таңбадан тұруы керек.
Мәтінді жазып алыңыз, себебі ол кейін қажет болуы мүмкін.