Көлік құралдары
Радио жиілік сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге,
мысалы, электрондық жанармай бүрку жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық құлып жүйесіне, электрондық
жылдамдықты бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін
көлігіңіздің немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Бұл құрылғыға қызмет көрсетуді немесе оны көлікке орнатуды тек маманданған қызметкерлер істеуі тиіс. Дұрыс
орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті және кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін. Көлігіңіздегі барлық сымсыз
құрылғылардың дұрыс бекітілгенін және жұмыс істеп тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Оңай тұтанатын
сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосымша
аспаптарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын ұмытпаңыз.
Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.
Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат 203
Ұшаққа көтерілмей тұрып құрылғыңызды өшіріңіз. Сымсыз телеқұрылғыларды ұшақтың ішінде пайдалану ұшақтың
жұмысына қауіп келтіруі және заңға қайшы болуы мүмкін.