Nokia E52 - Бастапқы экранда жұмыс істеу

background image

Бастапқы экранда жұмыс істеу

Бастапқы экранда контактілерді іздеу үшін, контактінің атын жаза бастаңыз.

Таңбаларды енгізгенде, әр пернені бір рет басыңыз. Мысалы, «Eric» деген атты

енгізу үшін, 3742 пернелерін басыңыз. Құрылғы сәйкес келетін контактілерді

ұсынады.
Әріптік және сандық режим арасында ауысу үшін,

Options

>

Alpha mode

немесе

Number mode

тармағын таңдаңыз.

42

Nokia Eseries жаңа құралы

background image

Ұсынылған сәйкестіктер тізімінен керекті контактіні таңдаңыз. Бұл мүмкіндік

барлық тілдерде пайдаланыла бермейді.

Контактіге қоңырау шалу үшін, қоңырау шалу пернесін басыңыз.

Контактіні іздеу функциясын ажырату үшін,

Options

>

Contact search off

тармағын

таңдаңыз.

Алынған хабарларды көру үшін, хабарландыру аймағындағы хабар терезесін

таңдаңыз. Хабарды оқу үшін, оны таңдаңыз. Басқа тапсырмаларды көру үшін, оң

жаққа қарай жылжыңыз.

Қабылданбаған қоңырауларды көру үшін, хабарландыру аймағындағы

қоңыраулар терезесін таңдаңыз. Қоңырау шалған адамға қоңырау шалу үшін,

қоңырауды таңдаңыз да, қоңырау шалу пернесін басыңыз. Қоңырау шалған

адамға мәтінді хабар жіберу үшін, қоңырауды таңдап, оң жаққа қарай жылжыңыз

да, бар әрекеттер ішінен

Send message

пәрменін таңдаңыз.

Дауыс поштасын тыңдау үшін, хабарландыру аймағындағы дауыс поштасының

жәшігін таңдаңыз. Қалаған дауыс поштасының жәшігін таңдап, қоңырау шалу

пернесін басыңыз.